• Instagram
  • Facebook
Жаппай сырғанау

Өзіңізді кәсіби мәнерлеп сырғанаушы ретінде сезінгіңіз келе ме? Қош келдіңіз! Жалған қарапайымдылықты тастаңыз, біздің мұз- Алматыдағы ең жақсы мұз. Төмпешіксіз, кетіксіз, қиқымсыз. Мұз бен ауаның мінсіз температурасын қолдауға мүмкіндік беретін "ақылды" жабдық конькиіңіздің 



Сырғанақты мінсіз мұз өндірушілердің ішінде беделді италия машинасы  Zamboni ))) Су 4 сатылы тазарту жүйесінен өтеді және "қатпарлы қамыр" арнайы технологиясы арқылы берілетіндіктен, мұз өзгеше берік,  өзгеше иілімді болып келеді. Мұз жабындысы екі сағаттық әр сеанстан кейін жаңартылып тұрады.  

Сіз сырғанаққа өз конькиіңізбен келуіңізге немесе жалға алуыңызға болады. Жалға алу конькиді лезде кептіру және дезинфекциялаумен жабдықталған. Тізеқап, шынтаққап және шлемдер- бізде жарақат алудан сақтандыратын әртүрлі қорғаныс құралдары бар. Кішкенетай қонақтарға пингвин- көмекшілер құрылғылары бар. 

Музыкалық сүйемелдеудегі  сапалы дыбыс, ыңғайлы шешінетін орындар, таза дәретхана бөлмелері, кәсіби медициналық кабинет. Конькиіңізді шешпей-ақ, сіз пештен жаңа түскен пиццаны жұпар иісті шай, кофе немесе какаомен ішіп, жылына аласыз. Arena Sport кафесі жаппай сырғанау кездерінде буфет ашады. Жаппай сырғанау әр демалыс күндері сағат 11.00- ден 23.00-ге дейін өтеді.