+7 777 299 0957
+7 775 306 5607
Almaty Arena ғимаратында ашылған «Әлқисса» домбыра студиясы – оңтүстік астанадағы домбыра мектептерінің iшiнде ең үздігі екені сөзсіз. Сондай-ақ бұл заманауи, әрі сандық үлгіге негізделген жалғыз музыкалық мекеме. Айта кетсек, мұнда балаларға ноталық сауатпен бірге тарих, әдебиет, ою-өрнек қолданбалы өнері, айтыс, поэзия үйретілiп, халқымыздың бай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сусындатады. Ұстаздардың қолданып отырған мультисенсорлы оқыту әдісі есту ғана емес, сонымен қатар көру, түйсіну, тiптi, елестету қабілетін де icке қосады.
Үлкейту
«Әлқисса» домбыра студиясының негізін қалаушылары – Саден Қанатбек пен Ғалиябану Ерболған. Осыдан 35 жыл бұрын тағдыр қосқан бұл дарынды музыкалық отбасы Құрманғазы атындағы консерваторияны бірге тәмамдап қана қоймай, Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілігінде аты аңызға айналған «Отырар Сазы» оркестрінде жұмыс істеген. Олар балаларды дарындылығына қарап ipiктемейді. Олар әр баланың қабілетін дамытады, өйткені әр бала тумасынан дарынды. Нәтиже – 1300 астам түлек, халықаралық фестивальдар мен байқаулардағы жеңістер, туған жерге деген махаббат.
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Домбыраның екі ішегі арқылы бірнеше минуттың ішінде-ақ бүкіл өмір туралы, не болмаса тұтас халық, ел жайлы, сезім немесе жан толқынысы турасында жырлауға болады. Домбыра тартуды кез келген адам үйрене алады. «Әлқисса» домбыра студиясына 7-ден 70 жасқа дейінгі кез келген адам жазыла алады!
Бірінші сабақ – тегін!