+7 701 755 58 92
Дмитрий Гааг атындағы триатлон мектебі – бірегей жоба. Құрылғанына бір жыл толмаған мектебіміздің тәрбиеленушілері қалалық және республикалық сайыстардан әрдайым жеңіспен оралып келеді. Ең кішкентай спортшылар өз жас санаттарындағы біріншіліктерді жеңсе, одан үлкен санаттағы спортшыларымыз өз қарсыластарынан әлдеқайда басым түсіп отырады. Ынталандыру – бұл біздерді мақсатымызға жетікзетін күш. Оны қайдан аламыз? Дамуға жетудің бірнеше жолдарын табуға болады. Солардың бірі – шынайы үлгі. Асқақ арманға жеткіңіз келсе, соған қол жеткізген адамды тауып, оның соңынан қайталаңыз.
Дмитрий Гааг атындағы триатлон мектебінің жолы ашық десек болады. Дмитрий Гааг еліміздің ең атақты спортшыларының бірі. Триатлон бойынша 1999 жылдың әлем чемпионы, 2000 жылдың қорытындысы бойынша ең мықты атлет, 2000 және 2004 жылдардың Әлем кубоктарының иегері.
Үлкейту
Бүгінгі таңда Дмитрий Владимирович – Ресейдің триатлон бойынша жасөспірімдер құрамасы және Санкт-Петербург құрама командасының жаттықтырушысы. Ең бастысы, балаларымыздың тәлімгері. Тәрбиеленушілер жаттықтырушыдан триатлон алыбын ғана көріп қоймай, қазіргі тілмен айтқанда, "өзінің үздік нұсқасы" деп айтуға болатын қарағандылық кішкентай ұлды да көреді. Расымен де, еліктеуге тұрарлық тұлға!
Айта кетерлігі, мектеп басқарушысы – Елена Кун – ҚР Skyrace-тен бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық марафондар қатысушысы, IRONMAN жарыстары сериясының қатысушысы, Сочи 2017 IRONSTAR жеңімпазы. Босаңсуға жол бермейтін жеңімпаздар командасындағы тағы бір ересек мүше. Жуырда ол Enduroman Arch to Arc ультратриатлонына қатысты. Мүшесі болған IRON MOMs KZ қыздар командасы жарысты Дуврда (Ұлыбритания) бастап, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, Париждегі (Франция) Триумф аркасының жанында мәреге сәтті жеткен болатын. Қазір Елена жаңа белестерді бағындыруға дайындық үстінде. Өкшесін басып келе жатқан ұлдар мен қыздар жаттығатын стадионда Елена да дайындығын бастап кетті. Сондықтан балаларымыздың жеңілуге еш себебі жоқ.